Италия астанасының бұралмалы көшелерінде серуендей жүріп, өзіңді уақыт саяхатшысы сезіну оңай. Бұл — шексіз тарихи қабаттар мен стильдер тоғысқан қала. Мұнда бізге дейін өмір сүрген жандардың рухын сезінуге болады. Өйткені көптеген ғимараттар ғасырлар бойы өз құпиясын сақтап келеді. Сондай-ақ Римде таңғаларлық әрі жайлы жаңа қонақ үйлер де бар.
Superattico Monserrato
Бұл эклектикалық қонақ үй заманауи өнер туындыларына, дизайнерлік маталарға, Марсель Брейердің винтажды орындықтарына және Venini люстраларына толы.
Palazzo Talìa
Ең жарқын жаңалықтардың бірі — XVI ғасырдағы ғимаратқа орналасқан Palazzo Talìa. Ренессанстық сарай бүгінде 26 нөмірі мен люксі бар, кинематографиялық атмосферасы бірден сезілетін талғамды қонақ үйге айналған. Ортақ кеңістіктің дизайнына, мейрамханасы, бар мен негізгі залды қосқанда — әйгілі режиссер Лука Гуаданьиноның студиясы жауапты болған.
Casa Monti
Тағы бір ерекше орын — Колизейге жақын орналасқан XVIII ғасырдағы тарихи ғимараттың ішіндегі Casa Monti. Мұндағы 26 нөмір мен 10 люкс дизайнер Лаура Гонсалестің қолынан шыққан. Итальяндық «спреццатура» — бейқам әрі талғамды көріну бұл жерде анық байқалады. Сондай-ақ, жарқын гүлді маталар, заманауи фрескалар мен көгілдір акценттері бар шатыр терассасы жеңіл әрі жайлы атмосфера сыйлайды.
Romeo Roma
2024 жылдың қыркүйегінде ашылған Romeo Roma — Римнің жаңа інжу-маржандарының бірі. Ол Пьяцца-дель-Пополо алаңына жақын орналасқан XVI ғасырдағы сарайда бой көтерген. Оның интерьерін әйгілі дизайнер Заһа Хадид өмірінің соңғы кезеңінде ойластырған. Атап айтар болсақ қонақ үйдің әр бұрышы тарихи жазбалар мен ескі, жаңа футуризмді ерекше тоғыстырады. Ал мейрамханасын Ален Дюкасстың өзі гастрономиялық гурмандардың сүйікті мекеніне айналдыра отырып басқарады.
Bulgari Hotel Roma
Сәнқойлар әлі күнге дейін екі жыл бұрын ашылған Bulgari Hotel Roma қонақ үйін жақсы көреді. Мыңдаған өсімдіктер, Каракалла термаларының стиліндегі мозаикалар, банан ағаштармен қоршалған бассейн — мұның бәрі интерьерді нағыз өнер туындысына балайды.
Harper’s BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Shuttertstock.com. Автор. Kirk Fisher