Кез-келген жан жайлы және шынайы романтикалық қарым-қатынас орнатуды армандайтыны анық. Әйтпесе, онсыз махаббаттың не керегі бар? Бірақ мұндай байланысты кез келген адаммен құру мүмкін емес. Астрология бізге үйлесімсіз зодиак белгілері бар екенін растайды және олардың жұбы жиі қиындықтар мен келіспеушіліктерге тап болуы мүмкін.
Тоқты мен Торпақ
Тоқтылар өте қайсар, ал Торпақтар – көбіне нағыз қыңыр мінезді болып келеді. Сондықтан бұл екі белгі кез келген мәселені шешуде қиындыққа тап болуы мүмкін. Себебі әрқайсысының өз жоспары бар және олар сол жоспарларынан бас тартқылары келмейді.
Торпақ пен Мерген
Торпақ үйдегі жайлылықты ұнатады, ал Мергендер үнемі қозғалыста, белсенді өмір салтын ұстанады. Сонымен қатар, Торпақтар ұзақ кездесулер мен киноға барудан гөрі, тұрақты қарым-қатынасты қалайды. Ал Мергендер, керісінше, жеңілдік пен еркіндікті барынша ұзақ сезінгенді ұнатады.
Егіздер мен Тауешкі
Егіздер көңілділік пен күтпегенді жақсы көреді. Ал бұл мінездері нақты әрі прагматикалық Тауешкілерді жиі шаршатып жібереді. Сондықтан қарым-қатынас бастамас бұрын, бұл белгілер бір-бірімен көп нәрсені алдын ала талқылауы қажет.

Шаян мен Суқұйғыш
Нәзік әрі сезімтал Шаяндар үнемі жылы сөздер мен махаббатын жиі көрсеткенін қалайды. Бірақ олар үшін ең қиын жұп – тік мінезді Суқұйғыштар. Себебі олар көбінесе серіктесінің қателіктері мен кемшіліктерін тікелей бетке айтудан тартынбайды.
Сарышаян мен Арыстан
Сарышаяндар Арыстандарға қажетті мақтауларды айта бермейді. Сонымен қатар, олар жиі қызғаншақ келеді. Ал айналасында үнемі назар аударғанды жақсы көретін Арыстандармен бірге болу Сарышаяндарға қиынға соғады.
Бикеш пен Мерген
Бұл жұптың екеуі де тұрақты әрі байыпты қарым-қатынасқа бейім емес. Бикештердің ойынша, Мергендер тым қамсыз және өз әрекеттерімен серіктесін ренжітуі мүмкін екенін ойламайды.

Таразы мен Бикеш
Таразы мен Бикеш жұбы да «Ең үйлеспейтін зодиак белгілері» қатарына енеді. Өйткені олардың қарым-қатынасы абьюзивті және токсикалық болуы мүмкін. Бикештер серіктесін жиі сынайды, ал Таразыларда өзін-өзі сенімділік жиі жетіспейді, сондықтан олар өздері туралы пікірін өзгертуі мүмкін.
Балықтар мен Бикеш
Балықтар – ең арманшыл және сезімтал белгі. Ал Бикештер – тік мінезді, шынайы адамдар. Сондықтан бұл жұп арасында қызығушылықтар қайшылығы туындауы мүмкін. Бірақ олардың мықты достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндіктері бар.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Саша Гвилия.