«Сізге қандай қыздар ұнайды?» Дәл осындай толассыз сұрақтар Димаш Әділеттің инстаграм парақшасындағы дайректке күнделікті келеді. 29 жастағы инвестор көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап беріп, нүктесін қоюға тырысты. Миллиондаған аудиториясы бар сұраныстағы сүрбойдақ, сондай-ақ болашақ жарына қоятын талаптарымен бөлісті. Желіде лакшери өмірінен бөлек, style, travel, business, aesthetics тақырыптарында контент жүктеп, фолловерлердің қызығушылығын оятып жүрген серінің нәзік жандыларға айтары бар.
«Маған жалпы нәзік әрі талғампаз қыздар ұнайды. Келбеті мен мінезі жарасқан жандарды жақсы көремін. Әйел затындағы дөрекілік, тік мінезділікті аса құптамаймын. Менің ойымша, ең жақсы одақ ол батыл ер азамат пен нәзік жанды арудың арасында құрылса сонда ғана мінсіз баланс болмақ», — дейді Димаш Әділет.
Бүгінде Димаш Дубайда тұрады. Десе де сері соңғы уақытта Қазақстанға келуін жиілеткен. Оған басты себеп — отбасы пен жұмыс бабы.
Фото. Instagram @dimashadilet
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @dimashadilet