Balletcore трендінің сұраныстан шығуына өзіңіз ғана әсер ете аласыз. Мұндай образды сіз киюден шаршаған кезде ғана, ол хит мезгілін тоқтата алмақ. Сондықтан шар іспетпес текстуралардан, төсеніш түстерінен және ойнақы силуэттерден бас тартудың қажеті жоқ. Оның үстіне, сәуір айындағы сәнді инвестиция – Simone Rocha-ның ашық жасыл реңкті балеткасы. Бұл ерекше аяқ киім пуанттардың, Mary Jane туфлиінің және кроссовкалардың ең жақсы қасиеттерін біріктірген. Драпталған атлас резеңке жолақтармен, кристалдармен, бантиктермен және амортизацияланған табанмен керемет үйлесім табады.


Фото. Пресс-офис Simone Rocha
Өткен жылы нәзік жандыларға арналған және спорттық стильдер ерекше танымалдыққа ие болған. 2025 жыл қос стильді біріктірген, сіздің образдарыңызды ерекше, ыңғайлы және романтикалық етуге дайын. Айтпақшы, дәл осы балеткаларды гардеробыңыздағы кез келген киіммен оңай үйлестіруге болады. Иә, тіпті трикотаж костюмдерімен де! Сәуір айының сәнді инвестициясы сіздің мінсіз көрінуіңізге және ешқашан шаршамауыңызға қамқорлық жасайды.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Коллаж от пресс-офисов марок.