Жыныстық қатынас туралы жиі сөз қозғалады, алайда айталатын факторлар әр түрлі. Кейбіреулері күнделікті интимді қатынаста өмір сүру, қарым-қатынасты сақтап қалудың жолы деп шешсе, кейбірі бұл пікірмен келіспейді. Дегенмен, жақындасудың қаншалықты маңызды екенін де білеміз. Сонымен қалыпты жыныстың қатынастың мөлшері қанша? Insider сайтының сарапшылары, бұл ретте арнайы зерттеулер жүргізген. Мамандарың кеңесін көрейік.

Мысалы, арнайы сауалнамаға қатысқан 5000 американдықтың 75%-ы аптасына бір рет жыныстық қатынасқа түседі деп болжам жасаған. Алайда зерттеуге қатысушылардың жартысы ғана бұл мәліметті растады.

<strong>Қалыпты жыныстық қатынастың мөлшері қанша?</strong>

Бұл деректер арқылы адамдар әрдайым өзгенің жыныстық белсенділігін асыра сілтеп айтуға бейім деген теорияны тағы бір рет дәлелдеді, осылайша олар өздерінің интимдік өмірі жайлы жақ ашпауға тырысады. Сарапшылардың айтуынша, жыныстық қатынастың қалыпты мөлшері ол екі серіктестің бір ауыздан қалауы.

Сонымен, кейбір жұптарға аптасына 2-3 рет жыныстық қатынасқа түскен ұнайды. Басқалары айына бір рет жақындасуға құмар. Арасында тек флирт пен еркелетуді жиі қолданатындар да бар. Бұл жағдайда, жыныстық қатынасқа түсу екіталай.

жыныстық

Бірақ, сіз шынымен де назар аудару қажет жағдай ол – жыныстық қатынаста серіктесіңізбен қаншалықты сәйкес келетіндеріңіз. Дегенмен, сарапшылар мұндай мәселе туындаса, психологтардың көмегімен шешуге болады деп отыр.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Pexels.com.

Поделиться: