Биылғы жылы «Сары-өмір» қысқаметражды жобасы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы байқауының жеңімпазы атанып, мемлекеттік қаржыландыруға ие болды. Фильм оның режиссері Рүстем Дастанұлы үшін ғана емес, сонымен бірге қоюшы-оператор Мұхаммедали Есенбай мен қоюшы-суретші Мадина Есманова үшін де дебюттік жұмыс болып табылады деп хабырлайды Экспресс К. Фильмнің сценарийін Думан Дендер жазған. Басты рөлді жас актер Нұрәлі Пірмағанбет сомдайды.
Фильмнің сюжеті алыс ауылдағы туыстарына келген Аян есімді бала төңірегінде өрбиді. Ол әжесінен үйдің жанындағы қабір туралы әңгімені естиді және содан бері ол біртүрлі нәрселерді байқай бастайды. Оның артынан біреу немесе бірдеңе жүргендей сезім болады. Әжесі оны тыныштандыру және бойдағы қорқынышты жеңу үшін ерекше ұлттық рәсімді өткізеді. Сондықтан Аян өз қорқынышын біржола жеңу үшін онымен бетпе-бет келуі керек.
«Мен бұл фильмді ойластырғанда Мартин Лютер Кингтің «зорлық-зомбылық тек зорлық-зомбылықты тудырады» деген сөзіне жүгіндім. Мен «жауыздықтың» жазаланғанын қалаймын. Фильмнің соңы шынымен де қатыгез және қатал, бірақ мен үшін бұл жалғыз логикалық финал. Мен режиссер ретінде бейтараптықты сақтағым келеді және басты кейіпкердің іс-әрекетінің дұрыстығы туралы жауап беруден аулақ болғым келеді. Ең басты менің көрсеткім келгені ол, әлі күнге дейін көптеген адамдар көре алмайтын, бірақ бала байқайтын жақсы жасырылған зорлық-зомбылық фактісі», – дейді режиссер.
Фильм түсірілімі Қонаев қаласының маңында 31 тамыздан 8 қыркүйекке арасында өтті. Картинаның режиссері Киноорталықпен серіктестікте жұмыс істеудің алғашқы тәжірибесін дебютант үшін пайдалы деп есептейді және жас кинематографистерді өз күштерін сынап, конкурсқа қатысудан қорықпауға шақырады.
«Мен ойлаған идеяны жүзеге асыруға көмектескен бүкіл түсірілім тобына алғысымды білдіремін», – деді фильм режиссері.
Дәстүрлі түрде қысқаметражды фильмдер үшін картинаны насихаттау халықаралық кинофестивальдерден басталады, содан кейін фильмді стримингтерден көруге болады.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Кадры из видео.