Айжан Байзақованың шетелдегі кезекті демалысы сәтсіз өтіп жатқандай. Атышулы блогер бірнеше күн бұрын Жапония еліне қыдыруға аттанған еді. Күйеуі және құрбысымен Токио қаласына кеткен Айжан далада қалғанын айтып, инстаграм парақшасында шағымын білдірді.

Айжан Байзақова

Желі жұлдызын тұрып жатқан қонақ үйінен қуып жіберген. Оған себеп, Байзақова бөлмені лас ұстаған. Осылайша, сылқым 1,2 миллион теңгеге жалдаған отельдің қызметкерлеріне ренжіп отыр.

<strong>«Бізді қуып шықты»: Айжан Байзақованы Жапонияда қонақ үйден неге шығарып жіберді?</strong>

Ал, шетелде демалып жүрген Индира Еділбаева болса бақытты. Әнші әрі актриса Балиде туған күнін тойлап, сүйіктісімен бірге қызықты уақыт өткізіп жүр. Күні кеше 32 жасқа толғанын тойлаған Инди, естен кетпес күндерін инстаграм парақшасында бөлісті. Дәл осы керемет демалыстың демеушісі ғашығы — Камалдин.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: