Ирина Кайратовна тыңдармандарын жағымды жаңалықпен қуантты! Жігіттер алдағы уақытта өздері жайлы фильм таспалайтынын мәлімдеді. Ұжым мүшесі Алдияр Жапархановтың айтуынша, туындыға Қуаныш Бейсеков режиссерлық ететін болады. Еске салсақ, Кука бұған дейін топтың барлық бейнебаяндары мен «Отыздан асып барамын» фильмін таспалаған еді.

«Үнсіз қалмаймыз! Бізден басқа кім жасайды»? Алдиктың айтуынша, «Ирина Кайратовна» фильмде әлеуметтік өзекті мәселелерді қозғамақ. Жігіттер бұл біздің өмірлік позициямыз деп отыр. Әзірге лентаның сценарий жазу процесссі басталды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @irinakairatovna. Автор: @von__rou

Поделиться: