Әсел Сәдуақасованың Балидегі өмірін желіде бақылап жүрген фолловер көп. Актриса әрі продюсер соңғы кездері жаңа махаббатын кездестіргенін айтып, көпшілікті қызықтырып қойған еді. Тіпті Әселдің көңіл жарастырған серігі маркетолог Мағжан Тілеухан деп халық шуласқан-ды.  

Әсел Сәдуақасова
Источник фото и видео: Instagram @oksukpaevak

Әсел мен Мағжанның жұп екендерін Карина Оксукпаева дәлелдегендей. Отбасымен Балиге демалуға аттанған блогер ғашықтардың фото видеосын өзінің инстаграм stories-ына жүктеді. «Бірге өткізген уақыттан алған эмоция үшін алғысым шексіз», — деп Карина жазба қалдырған. Еске салсақ, Мағжан Каринаның күйеуі Арман Юсуповтың жақын достарының бірі. Ол Әселден 7 жасқа кіші. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @asselsadvakassova

Поделиться: