Отандық актер Тәуекел Мүсілім ұлды болды. Сүйінші хабарды актердің жұбайы Махаббат жеткізді. Ол өзінің Instagram парақшасында:
«Тәуекел екеуіміз екінші рет ата-ана атандық. Құлыным, мына өмірге ашқан есігің құтты болсын! Бауы берік болсын! Үлкен ер-азамат бол! Біз сені жақсы көреміз. Аллаға сансыз шүкірлік».
Желі қолданушылары бірден актерге өз тілектерін жаудырып, қуанышына ортақтасты.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.