Балалар барлығын үлкендерге қарап істейді. Тіпті олардың қоршаған ортаға деген қатынасы, өзгелермен әңгімелесуі осының барлығы ата-анасына еліктеуден туындайды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, олар барлығын әке-шешеден қабылдайды. Сондықтан егер ата-ананың арасындағы қарым қатынасы дұрыс болмаса, олар балаға да әсер етуі мүмкін. Әсіресе, бір-біріне тәуелді боп, біреудің айтқанымен жүретін отбасылардың балалары да сондай боп өседі. 

Сарапшылардың пікірінше, егер ата-ана ешқашан қателескенін мойындамаса, баласын тәртіпке келтіру үшін пассивті-агрессивті мінез-құлықты қолданса немесе оған тәуелсіз шешім қабылдауға мүмкіндік бермесе, онда бұл бала ересек кезде осындай қарым-қатынас түріне ұмтылуы мүмкін.

Егер сіз ренжіген кезде пассивті-агрессивті мінез-құлықты байқасаңыз, ата-анаңыздан сіз үшін стресстік жағдайларды шешуді сұраңыз немесе шешім қабылдау кезінде алаңдаушылық сезінсеңіз, сіздің өміріңізде бала кезіңізден тәуелді қарым-қатынастар болған болуы мүмкін.

Шешім қабылдауға қорқу

Тәуелділік

Шешім қабылдау әрдайым оңай бола бермейді, бірақ таңдау жасау тапсырылған сайын уайымдайтын болсаңыз, бұл сіздің тәуелді болып өскеніңізді білдіруі мүмкін. Әдетте мұндай адамдар балалық шағында ата-анасынан аз мақтау естіген боп шығады. Олар сырттан мақұлдау мен қолдау іздейді.

Көңіл күйіңіз болмағанда тұйық болып, сөйлеспейсіз

Тәуелділік

Бір-біріне тәуелді ата-аналар көбінесе пассивті-агрессивті тактиканы қолданады. Мысалы, олар көзбен не үнсіз балаларына бір нәрсені түсіндіреді. Егер ата-аналар жиі осылай әрекет етсе, психологтардың айтуынша, балалар бұл модельді өздерінің ересектермен қарым-қатынасында қолдануы мүмкін. Өйткен,і оларға қайғы немесе көңілсіздік сезімін білдіруге үйретілмеген.

Проблемаларыңызды ата-аналарыңыздың шешіп беруін сұрайсыз

Ата-ана баласына үй тапсырмасын орындауға көмектесіп, кешкі ас әзірлеп, жаттығуға апаруы заңды. Бірақ егер ересек адам өзі көмектесуге ниеттенсе, бұл балалардың дамуына және тәуелсіз болуына кедергі келтіруі мүмкін. Егер ата-аналар балалары ересек болғанда да осылай әрекет етсе, онда аралары суып кетуі ғажап емес.

Тәуелділік: сізді дұрыс тәрбиелемеудің 4 белгісі

Мұндай жағдайлар тәуелді қатынасы бар отбасыдан шыққан адамдарда туындайды. Олар жаңа үйге көшу немесе денсаулық мәселелері сияқты әдеттегі өмірлік қиындықтарға тап болған кезде біреудің көмегіне мұқтаж болады.

Мұндай жағдайларда бала ата-анасынан қандай көмек керек екенін түсіндірудің орнына жалғыз өзі жасай алмайтынына шағымданып, шешімін табуды сұрайды.

Сіз отбасыңыз бен достарыңыздың қажеттіліктерін өзіңіздікінен жоғары қоясыз

Бір-біріне тәуелді ересектер өздерінің мақсаттары мен тілектерін артқы жағына қояды, өйткені олар өздерін басқалардың объективі арқылы ғана көреді.

Тәуелділік: сізді дұрыс тәрбиелемеудің 4 белгісі

Мамандар тәуелді отбасыдан шыққан баладан оның  қашан балалы болатынын сұрайтын тәуелді ата-ананың мысалын келтіреді. Ол әлі балалы болуға дайын болмаса да немесе мүлдем қаламаса да, ол қысымды сезініп, ата-анасының көңілінен шығу үшін отбасын құруды ойлайды. Психологтардың пайымдауынша, тәуелді қарым-қатынаста өскен бала: «Маған не болды? Мүмкін маған шынымен балалы болуым керек» шығар деп ойлауы мүмкін дейді.


Автор. Рамина Ибрагимова х Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Pixabay.com.

Поделиться: