«Бұл оқиға бәріміздің басымыздан өткен! Айтатын уақыт келді…» Бұл Тамирис Жанғазинованың жан айқайы. Әнші әрі актриса, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын мәлімдеді. Тамирис басынан өткен жағымсыз естеліктерді бейнебаян негізіне жинақтады.

Тамиристің шынайы оқиғаға негізделген туындысы «Shanyraq» деп аталады. Клип бір кадрда – монтажсыз түсірілген, ал басты кейіпкер – отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан аман қалған Тамиристің өзі.

Бейнебаянда көрсетілгендей қолындағы кәдімгі тыртық пен көзіндегі жас — әншіге жасалған нағыз зорлық-зомбылық әрекеттерінің нәтижесі. Тамиристің жеке өміріндегі соңғы қарым-қатынасы осындай келеңсіз себептер әсерінен тоқтаған.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @tamiriszhangazinova

Поделиться: