Бүгінде еліміздегі басты мәселелердің бірі – ажырасу екені жасырын емес. Жас жұбайлардың арасында екі бөлек кетіп жатқандардың басым бөлігі жас отбасылар. Мәселен, Qazstat порталының статистикасы бойынша 2022 жылдың өзінде 44,5 мың ажырасқан отбасы тіркелген. Олардың 34,6%-ы үйленгендеріне 1-4 жыл уақыт өткен жұптар болса, 30%-ы 5-9 жыл бойы бір шаңырақ астында тұрғандар.

Танымал қаржылық коуч, бизнес-тренер, кәсіпкер және кәсіби ментор — Роза Аширбаева қоғамдағы әйел рөлі, ерте ажырасу, ұят тақырыптарына қатысты Harper’s BAZAAR Kazakhstan сайтына ауқымды сұқбат берді. Эксклюзивті пікірді толығымен төменде оқи аласыз.

Сіздің ойыңызша көп жағдайда неге жас отбасылар ажырасады?

Қазақстанда ресми статистика  бойынша алкоголизм, наркотикалық тәуелділік, лудомания, отбасыдағы зорлық-зомбылық, ерлі зайыптылардың бір-біріне опасыздығы және сексуалды ортентациясының сәйкес келмеуі  негізгі ажырасудың себептері болып табылуда. Бұл ресми көрсеткішке алып қосарым жоқ, дегенімен, жеке өзімнің ойым бойынша, қазіргі кезде әйелдердің эмансипациясы бейресми себеп деп ойлаймын. Елімізде әйелдер қазіргі таңда қаржылай тәуелсіздікке ұмтылуда. Үйде баламен отырса да, онлайн алаңдарда кәсіп жасап, табысын көбейтуде, ер азаматтардан әлдеқайда көп табатын қыз келіншектер жетерлік. Ресми деректерде көрсетілген ажырасудың себептеріне бұрын қыздар көнсе, қазір көнгісі келмейді. 

Одан бөлек, отбасыдағы әйел адамның құқығы қандай? Ол отбасы ұйытқысы, отанасы, ошақбасының бикесі деген рөлмен ғана шектелуім керек па? — деген сұрақтармен қазіргі таңда көп қыздар тұрмысқа шыққан соң ғана бас қатыра бастайды. Қыздар тұрмысқа шықпай тұрып сүйіктіммен бірге тату тәтті өмір сүремін, отбасымызды, тұрмыс тіршілігіміздегі мәселелерді сүйіктім екеуміз бірлесіп шешеміз деп ойлайды. Ал шындығына келгенде, екі жастың ортасында жігіттің бүкіл әулеті кіріседі, сонымен жаңа отбасы құрылмай жатып ажырап кетеді.

Отбасыдағы әйел рөлі неге маңызды?

Осы сұрақтың өзі дұрыс емес. Жылдар бойы барлық ақпараттық алаңдарда отбасы туралы әңгіме қозғалса бірден әйелдің рөлі талқынадады, тіпті бір ер адам отбасыға қатысы жоқ объект сияқты. Сондықтан да отбасыдағы махаббат пен жылулық болуы, бала тәрбиесі мен күтімі, үйдің тазалығы мен жайлылығы априори әйелдің мойнына жүктелді, ал еркек түзде, жәй ғана түзде. Қызығы әйел де түзде жұмыс істесе, жоғарыдағы айтылған міндеттер бәрібір әйелдің мойнында қалады.

Жастар неге өзгелердің пікірінің әсерінен тұрмысқа шығуға мәжбүр? Сіздің ойыңызша бұл кейін отбасылық өмірге әсер ете ме?

Бізде қоғам солай қалыптасқан. Бойдақ жастарды үйлендіруге асықпыз. Отбасы қашан құрады, кіммен құрады бұл әр адамның жеке таңдауы. Өз шекараңнан аспау. Егер екі адамның саналы түрде өз қалауы болып, отбасы құрғылары келсе әрине болады. Ал өз ойыңды басқаға міндеттеп мәжбүрлеу өте қате. Мүмкін соның әсерінен дұрыс емес таңдау жасалса ше? Бір адамның өміріне қол сұғу ғой. Қаламаған адаммен, біреудің пікіріне сүйене отырып құрылған отбасы, келешекте міндетті түрде өзгеріске ұшырайды. Және де көп жағдайда ұзаққа бармайды.

Біздің қоғамда ұят деген түсінік бар, көп ата-аналар өз қыздарын мәжбүрлі түрде тұрмысқа беріп жатады. Менталитетке қарсы қалай күресуге болады?

Менталитет бөлек те надандық бөлек нәрсе. Барлық себеп-салдарды менталитетке алып келуге болмайды. Иә ұят деген түсінік бар, бірақ біз ұят деп шынайы ұятты ұят деп жүрміз бе?  Ұят деп қыздарымызды мәжбүрлеп тұрмысқа берсе, ұят деп тиран күйеуіне шыда десе, бұл ұятқа жатпайды.  Жалпы мен, бірнәрсеге қарсы күресуді үгіттемеймін. Қандай мәселе туындаса да ақты ақ деп, заңды түрде, керек мамандардың көмегімен шешуді ұсынамын.

Қазақстандағы әйелдер жағдайы, қалай ойлайсыз біздің елде әйелдің орны қайда?

Заң тұрғысынан ҚР әйелдің құқығы қорғалған. Және де егер біз өз заңымызға административтік құқытқтарға, конституцияға сүйенсек, гендерлі тұрғыда ер азамат пен әйелдердің құқығы бірдей. Бірақ қоғамда стереотиптердің кесірінен бұл жағдай өзгеше көрініс табады. Қоғамда көптеген стеретиптердің салдарынан әйел адам өзін ер азаматпен тең көрмейді. Тіпті отбасылық тәрибеден байқауға болады. Ата аналар көбіне акцентті құндылықты ұл балаға береді. Осының алдарынан қыздар қоғамда өзін төмен санайды. Қыздарға тұрмысқа шық деп қыпақтайды. Егер тұрмыс құрмасаң жаныңда еркек болмаса, сен ешкім емессің дегендей. Элементарно, кейде әдемі көрікті ақылды іскер әйелмен таныссаң, ойыңа еріксіз мына келіншектің күйеу, отағасы бар ма екен деген ой келеді. Кейде өзімді де осындай ойда өзімді ұстап аламын.

Яғни қоғамдық стереотип сондай, әйелдің құндылығын тек жанында еркек болса ғана құнды болмаса дұрыс емес деген сияқты. Өзінің жеке құрдылығы жоқ болып көрінеді.

Тағы бір мәселе әйел рөлі дегенде, медиа саласында, ортада, отбасы жайлы әңгіме қозғалса, әйелдің орны туралы айтқысы келеді. Әйелге бәрі орнын көрсеткісі келіп тұрады. Егер байқасақ қоғамда, еркектің орны деген сұрақ қойылмайды. Неге? Қаншама сұхбат беріп жүрмін, бірақ маған бірде бір рет еркектің рөлі немесе орны қандай деген сұрақ қойылмады.

Неге ер азаматтар әйелдердің жеткен жетістіктерін мойындағылары келмейді?  Намыс па әлде бұл да менталитеттің кесірінен бе?

Бұл проблема ер азаматтардың ойлап тапқан мәселесі. Өздері ойлап тауып, өздері қазір зардабын шегіп отыр. Өздеріне ереке түзде, карьерада, табысты болу керек деген шектеу қойып қойған. Ал қазір қыз баласы теңдей білім алады, өзінің қабілеттерін аша алады, бизнесте де спортта да өздерін көрсетіп жүр. Ақша табуда да. Көп ер азаматтардан көп тауып жүрген қыз келіншектер бар. Әрине ер азамат өзіне бір ғана шектеу қойып, бір ғана роль беріп қойғаннан әйелмен нарықта таласып қалады. Жалпы гендерлік теңдік болғанда, отбасыдағы бүкіл тірлік, бала тәрбиесі, барлығы тек әйелге қарап емес, теңдей бөліссе, ер адамда үйде де, бала тәрибесінде де өз ролін білсе осындай тайталасытқ болмас еді деп ойлаймын.

Көп ата-аналар балаларының жеке өмірлеріне араласады, тіпті отбасылы болса да. Бұл отбасылық өмірге қаншалықты әсер етеді?

Сепарация өтпеген әйелде немесе еркекте өз отбасы болуы мүмкін емес. Себебі шешім қабылдай алмайды, отбасы, жеке басына қатысты. Өмірді арнайы бір қадамдар жасау үшін үлкендердің кеңесі керек болып тұрады үнемі. Сондықтанда бұл толыққанды отбасы деп есептемеймін. Әр адам міндетті түрде сепарациядан өту керек. Өз өміріне өзі жауапкершілік ала алуы керек, жеке тұлғалық дамуы болуы керек. Болмаса отбасы бола алмайды.

Аналар көп жағдайда баласына жар емес, өздеріне келін таңдайды. Бұл жағдайда неге ер азаматтар аналарының дегенінен шыға алмайды?

Сепарация өтпеген, өзіне жауапкершілік алмаған ер азамат, көбіне жар таңдаудағы шешім тізгінін  ата анасына беріп қояды. Сіздер таңдаңыздар, сіздер тыныш болыңыздар деп ата анасына жүктеп қояды. Қазірге кездегі қоғамның дерті ғой бұл. Әйел адамдардың, жас қыздардың дерті ғой бұл. Бір үйдің үй күтушісі ретінде келін болып түсетін, осындай жағдайға тап болатын қыздар өте көп. Бұлда бір ажырасулардың себебі шығар деп ойлаймын.

21 ғасырда келін түсінігі әлі де актуалды ма? Қазіргі кезеңдерде көп жағдайда келінді үй қызметшісіндей санап жатады?

Бір тараптан қарасақ, яғни тек тұрмыс құрған жас әйелдердің тарапынан қарсақ актуалды емес. Бұл ситуцияның өзгеруі үшін әлі көп жұмыс жасалуы қажет. Егер біз ата ана тарапынан, егер социалды экономикалық еліміздегі жағдайды қарайтын болсақ, үлкен кісілер 60 тан соң пенсияға шығады. Бірақ қазір бұл жастағы адамдар бізде кәрі болып есептелмейді. Олар әлі де жас. Бірақ пенсияға шыққаннан кейін олардың ары қарай өміріне біздің елде жағдай қарастырылмаған. Яғни зейнетке шыққаннан кейін өмір жоқ секілді елімізде. Сол жастағы кісілерге арналған демалыс орталықтары, ойын сауық орталықтары, білім алу орталықтары біздің елімізде әлі қарастырылмаған. Облыстық орталықтарда бірнеше орталықтар жоқ емес бар. Яғни үлкен кісілер бала шағасын үйлендіргеннен кейін, ары қарай өмірлерін тастап жібереді. Содан соң қолы бос болғаннан жастардың өміріне араласа бастайды. Жалпы алатын болсақ кәрілік 60 жаста емес, 80 жасқа таяу. Сонда 80 ге дейін 18-20 жыл адамдар не істеуі керек деген сұраққа жауап жоқ. Бұл үлкен проблема. Сондықтанда қоғамдағы ескі стереотиптер, келін ұстаймын, келін тәрбиелеймін деген стереотиптен кете алмау себебі осыдан. Бұл мәселеге жалпы комплексно қарау керек. Тек жастарға ағартушылық жұмыстар немесе ақпараттандыру ғана емес, мемлекет, бизнес тарапынан зейнет жастағы кісілерге де жағдай жасалуы керек.

Мысалы мектепке дейінгі балаларға арналған орталықтар бар, сол секілді зейнет жастағы кісілерге оқу орталықтарын неге ашпасқа? Неге оларға арналған спорт, тренинг, оқу, білім орталықтарын іске қоспаймыз? Бұл үлкен проблема. Біз қаншама 60дан кейінгі адам капиталынан біз қол үзіп отырмыз. Себебі бұл жастан кейінде кәсіп ашуға, білім алуға болады. Осы жастағы адам капиталының дамуына мемлекет және бизнес үлес қосатын болса, менің ойымша жастарды да дайындау, келін мәселесі, ескі стереотиптерден кету мәселесі жеңілдейтін еді.

Саналы түрде берік неке қию үшін қандай кеңестер бересіз?

Менің ойымша саналы түрде неке қию үшін ер жігітте қыз баласы да ақша тауып көрген адамдар болуы керек. Яғни ақша таба алатын қабілеті болуы керек. Бірінші шарт. Екінші шарт, екеуі де тұрмыс тіршілікке бірдей қатысуы керек. Яғни әйелі үйде отырады, күйеуі жұмыс істейді емес. Екеуі де үйдің тіршілігіне бірдей қатысуы керек. Және үшіншісі бөлек тұруы керек. Төртінші шарт, отбасы құрмас бұрын екеуі бір бірі туралы ашық ақпарат алуы керек. Кредит тарихы, денсаулығы туралы толық ақпарат. Және де бесіншісі,  өмірге деген көзқарастары және құндылықтары сәйкес келуі керек.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Pexels.com. Автор: Ihor Pilatus

Поделиться: