«What a ONEderful life!» Гүлназ Жоланованың тұңғыш ұлы Тарлан 1 жасқа толды. Актриса атұстарының туған күнін дүркіретіп атап өтті. Оған қоса, тұсаукесер тойын да қосып жасаған кино жұлдызы салтанатты рәсімге күллі шоу-бизнес өкілдерін шақырған.
Бір қызығы Гүлназ Жоланова өзінің инстаграм парақшасында тек тойға киген образымен ғана бөлісті. Ал шараны барынша құпия ұстап қалды. Десе де актрисаның өнердегі әріптес достары birthday party-дың қызықтарын желіге жүктеді. Еске салсақ, Гүлназ ана атанған сәтін де, ұлы туралы ақпаратты да әлі күнге дейін ресми жария етпеді.
Ал тұсаукесер тойда Ерке Есмахан, Мақпал Исабекова және Әли Оқапов жары Ақерке Бүркітбай бастаған өнер өкілдері қадірменді қонақтар тізімінде.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @zholanova_gulnaz