Жыл мезгілі, климат және айдың энергиясы адамның мінез-құлқына әсер етеді деп есептеледі. Мысалы, шілдеде туғандар сезімталдығымен ерекшеленсе, желтоқсан айында дүниеге келгендер көбінесе өршіл көшбасшыларға айналады. Бұл мақалада туған айға байланысты мінездің қалай қалыптасатынын айтып береміз.
Қаңтар
Бұл айда туғандар – мықты мінезді, жігерлі адамдар. Олар бәсекелестікті ұнатады және онсыз өмірді елестете алмайды, себебі ол адамның дамуына ықпал етеді деп есептейді. Сонымен қатар, қаңтарлықтар әділеттілікті жоғары қояды, әрі өз құқығы мен өзгенің құқығын қорғаудан жасқанбайды.
Ақпан
Ақпанда туғандар – интроверттікке бейім жандар. Олар көпшілік орындар мен шулы орталардан қашқақтайды. Бірақ олармен жеке сөйлескен қызық: терең ойлы, пікір айтуда шебер, сұхбаттасуға жеңіл.
Наурыз
Наурызда дүниеге келгендер – өте қайсар, қырсық. Мысалы, бұл айдың соңында туатын Тоқтыларды айтуға болады. Олар бір шешімге келсе, оны өзгеру оңай емес. Бірақ егер әлдеқайда тиімді ұсыныс болса, ойланып көруі мүмкін. Сонымен бірге, наурыздықтар – мейірімді, адал адамдар.

Сәуір
Сәуірде туғандар – жомарт әрі жарқын мінезді. Олар биік мақсаттар қойып, соларға жетуге талпынады. Қиындықтан қорықпайды, керісінше, көмектесуге дайын тұрады. Өзгелермен бөлісуді, қол ұшын созуды маңызды санайды.
Мамыр
Мамырда дүниеге келгендер – үнемі назарда болуды ұнатады. Олар мақтауды жасырмай қабылдайды және бұл орынды: олардың жетістігі мақтауға лайық. Талантты, еңбекқор және мақсатына жету үшін жылдар бойы еңбектенуге дайын жандар.
Маусым
Маусым – жаздың алғашқы айы, ал бұл айда туғандар күн секілді жылу шашады. Олар өте ашық-жарқын, достыққа бейім. Айналасындағы адамдар олардың жанында өзін жайлы сезінеді. Дегенмен, достары көп болғандықтан, барлығына бірдей уақыт бөлу оңай емес.

Шілде
Шілдеде туғандар – отбасы мен үй жайлылығын жоғары қоятын жандар. Олар көңілді кештерден гөрі жақындарымен тыныш уақыт өткізгенді қалайды. Үйдегідей жайлылықты бағалайды, жүрек жылуы мол. Олар жүрген жерде бәрі өзін жылы қабылданғандай сезінеді.
Тамыз
Тамыздықтар – тәуекелшіл. Олар тосын әрекет жасаудан қорықпайды, өздеріне сын қойып, сол арқылы өседі. Әрине, мұндай әрекеттердің нәтижесі әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ бір нәрсе анық: олар айналасындағыларға ұмытылмас әсер қалдырады.
Қыркүйек
Қыркүйекте туғандардың көпшілігі – Бикештер. Сондықтан оларда мінсіздікке ұмтылу басым. Олар әр әрекетін алдын ала есептеп, жетістікке жетуге тырысады. Ойлау қабілеті жоғары, әсіресе интеллектуалдық жарыстарда жиі жеңіске жетеді.

Қазан
Қазанда туғандар – сұлулық пен үйлесімділікті сүйетін эстеттер. Олардың табиғи тартымдылығы мен ішкі әсемдігі айналасындағыларды өзіне баурап алады. Өнер мен сұлулықты бағалайды, қарым-қатынаста тепе-теңдік пен сыйластықты бірінші орынға қояды.
Қараша
Қарашада дүниеге келгендер – жұмбақ әрі мақсатшыл. Ерекше интуицияға ие, кез келген қиындықты еңсеруге қабілетті. Сырттай сабырлы көрінгенімен, ішкі әлемі сезімге толы. Олар эмоцияларын терең сезінеді, бірақ сыртқа көп шығара бермейді.
Желтоқсан
Желтоқсанда туғандар – табиғатынан оптимист, көтеріңкі көңіл-күйімен ерекшеленеді. Олар еркіндікті, жаңа әсерлерді ұнатады және көбіне кез келген ортаның көңілін көтеретін жанға айналады. Мақсатқа жетуде батыл, айналасындағы адамдарды өз энергиясымен шабыттандырады.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Фото. Даррел Хантер.