«Ninety One» тобының мүшесі Alem-нің жары Вероника Жанғалова инстаграм парақшасында ешкім білмеген құпиямен бөлісті. Модель күйеуінің өзіне сөз салған сәтін оқырмандарына айтып берді. Батырхан Мәлік сүйіктісіне ешқандай романтикасыз-ақ тұрмысқа шық деп ұсыныс тастаған екен. Alem тіпті маңызды сәтті түн жарымда Вероника ұйықтайын деп жатқанда жасаған. Осылайша ғашығына жүрегі мен жүзігін сыйға тартқан мембер өзі іш киіммен жатып нағыз романтиканы жасағанын Вероника еске алды.
Вероника сондай-ақ, Батырға деген сүйіспеншілігін білдірді. Фолловерлердің бірі Батырдың бойындағы ұнайтын қасиеттерін айтып беріңізші деп сұрақ қойған. Жанғалова бұл сауалға: «Батыр өте мейірімді, тек қана маған емес, айналасындағы жандардың бәріне өзінің мейірімін төгіп жүреді. Ашық, тіпті танымайтын адамға комплимент айта алады. Ешкімді даттамайды. Түсінігі мол, сонысы қатты ұнайды.», — деп жауап берді.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @_zhangalova