«Біздің отбасымызды үлгі тұтқандарыңызды қаламаймын» Ninety One тобының мүшесі Батырхан Мәліктің жары Вероника Жанғалова желіде отбасындағы мәселелермен бөлісті. Fashion блогер күйеуі Alem-мен арада жиі кикілжің туындайтынын жасырмайды. Сылқым тіпті «ұрыс-керістің 90%-ын шығаратын өзім», — деп отыр.
Инстаграмда Верониканың оқырмандарының бірі: «Күйеуіңізбен қарым-қатынаста түсініспеушіліктер жиі бола ма және оны қалай шешесіздер?», — деген сұрақ қойған. Блогер шаңырақ көтергелі бір-бірімізді тыңдауды, әр жағдайда әркім өз ойын айтуды және бірі-бірімізден кінә іздемеуді, мәселеден қашпауды үйрендік дейді. «Бұл әрекеттің барлығы ұрыс-керіс кезінде сабырлық танытып, сүйіктіңді ренжітіп алмауға көмектеседі», — дейді Жанғалова.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @xcialem