Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін, олар өздерінің кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan ұжымы шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағанын ашып көрсетпек. Біз «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после…» атты жаңа айдар ұсынамыз. Алғашқы кейіпкеріміз — актриса Динара Бақтыбаева.
Динара Бақтыбаева кино мансабын 2012 жылы бастаған. Жоғарыдағы фотосуретте Динараның актриса атанбай тұрған сәтін көре аласыз. Динара небәрі 17 жасында алғаш рет кастингке қатысып, бірден басты рөлге бекітілген. Ол «Он и Она» мелодрамасы. Бір айдан астам дайындықтан кейін Бақтыбаева рөлге еніп кеттім дейді. Себебі түсірілім басталғанша актерлық шеберлік, салмақ қосу сынды процесстер жүрген.
2013 жылдан бастап Динара актриса атанды. Осылайша үлкен киноға қадам басқан сылқым бүгінде талай жобада бой көрсетіп жүр. 12 жылдан астам осы салада жүрген актриса «Каникулы off-line 2» фильмі үшін шашының түсін өзгертіп, бұйралаған.
Динара Бақтыбаева табиғи сұлулығымен көпшілікті тәнті етіп жүрген актрисалардың қатарында. Кино жұлдызы осы уақытқа дейін ешқандай пластикалық ота жасатпаған. Тіпті заманауи техниканың көмегімен де бет-әлпетін өзгертпеген.
Бүгінде қазақ киноиндустриясының танымал актрисасы атанған Динара екі қыздың анасы. Бақтыбаева күйеуі және кішкентай ханшайымдарымен бірге Атырау қаласында тұрады. Түсірілім жұмыстары үшін ғана өнер иесі Алматыға жиі ат басын бұрады.
Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.