Жансая Әбдімәліктің жеке өмірінде қуанышты жаңалық. Жас шахматшы ақ келін атанып, сүйіктісімен неке қию рәсімін өткізді. 14 жасында қыздар арасында гроссмейстер атанған таланты қыз бұл жаңалықты өзінің инстаграм парақшасында бөлісті.

«Forever yours, forever mine» Күйеуімен дәл осындай пост салған Жансаяның таңдауы — Нүриев Нұрахмет Қанатұлына түскен. Ол Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші «Қазақмыс» компаниясының төрағасы. Нұрахмет бұл орынға 2022 жылы 1-желтоқсанда тағайындалған. 

Енді жас жұбайлар үлкен той жасауға ниетті. Себебі қос ғашық неке қию рәсімінің өзін дүркіретіп өткізген.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @zhansaya_abdumalik.

Поделиться: