Жыл бойы тынбай еңбек еткен жұлдыздар қыстың қақаған аязында шетелге аттануды әдетке айналдырған. Жаңа жыл мерекесін тойлап біткен соң, танымалдар бірден жылы жаққа ұшып кетеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan 2025-жылдың қаңтар айын жағажайда өткізіп жатқан медиа тұлғалар жайлы айтып бермек.
Фариза Ескермес Балиге бірнеше айға көшіп кетті. Актриса әрі блогер теңіз жағасында күйеуімен бал айын өткізіп жүр. Кино жұлдызы жанына серік болсын деп жұбайын ғана емес, құрбыларын да ерте кеткен. Мәселен, Ескермес-тегінің қасында Жазира Еркін мен Балжан Бидаш та бар.
Фаризас Ескермес демалып жатқан жеріне ғашық болғаны сонша, көшіп кеткісі келетінін де айтады. Актриса тіпті болашақта Балиден үй алуды мақсат тұтып отыр.
Жылы ауа райы, дәмді ас және әдемі табиғат аясы Жазира Еркіннің де көңілінен шыққандай. Актриса инстаграм парақшасында шетелден арнайы влог жүргізіп, өзінің эмоциясымен бөлісіп жүр.
Фариза Ескермес пен Жазира Еркіннің жанында Балжан Бидаш та бар. Әнші бұл сапарын өзінің жеке аккаунтында әлі жария етпеген. Есесіне Бидашканың демалыста екен құрбылары көрсетті.
«Қолыңа Сartier, құлағыңа Сhopard. Ішіңе бөпе, Тағы Европа күтеді алда! Бұл күндер де қалады артта — деген ән күйеуімнің аффирмациясы. Сәлем, Италия! Милан. Театр La Scala. Щелкунчик»
Ерке Есмахан болса, теңіз жағасын емес, Италияны таңдаған. Әнші жары RaiM-мен қоса балаларын алып Миланда демалып жүр. Жұп әйгілі «La Scala» театрына барып «Щелкунчик» қойылымына куә болды. Ерке тіпті «Қазақстанда билет табылмаған соң, Миланға арнайы келдік», — деп желіде бөлісті. Ал келесі аялдама — Швейцария.
Әсел Сағатова да Балиде. Актриса фолловерлеріне арнап ерекше контент те әзірлеп қойған. Әсел желіде барынша шынайы болу үшін, фото-видеоның шын мәнінде қалай жасалатынын көрсетті.
Құралай Анарбекованың таңдауы ерекше. Актриса әрі кинопродюсер Азияда демалып жүр. Құрбыларымен Камбоджаға аттанған Құралай Six senses Krabey аралына таңдау түсірген. Бұл жер ең элиталы демалыс орындарының бірі.
Айнұр Ілиясова болса отбасымен бірге Таиландтың Пхукет аралына жол тартты. Актриса жұбайы және үш қызын алып теңіз жағасынан сәлем жолдайды. Айнұр Ілиясова желіде фолловерлері үшін пайдалы ақпаратпен бөлісті. Онда, балалармен бірге саяхат жайлы мәліметтер жетерлік.
Мадина Сәдуақасова болса, Жаңа жыл мерекесін қарсы ала салып, сол түні Шри-Ланкаға аттанған. Эстрада жұлдызы 2025-жылғы алғашқы постын дәл осы саяхаттан бастады. Әншінің жанында жақындары, яғни жұбайы мен ұлы бар.
Дина Тасболатова әпкесімен бірге Майамиде. Актриса түсірілімге қарамастан, демалысқа кетті. Еске салсақ, Дина бүгінде «Netflix» ұсынған жобаға шақырту алып, арнайы Испанияда болатын.
Баян Алагөзова Динара Сатжан болса Таиландта демалыста. Медиа тұлғалар бірге Пухкет аралдарына ұзақ уақытқа кеткендерін мәлімдеді.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @ainur_ilyasova