Zheka Fatbelly-дің инстаграмдағы соңғы контенті тек үйлену тойына қатысты. Таяуда ғана сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған блогер өміріндегі маңызды сәтті 8-қыркүйек күні өткізбек. Желі жұлдызы қазірден бастап тойға қызу дайындықты бастаған. Жеңіс Омаров сырға салу, қыз ұзату және құдалық сынды дәстүрлердің барлығын тамыз айының соңына дейін ұйымдастыратынын мәлімдеді. Оған дейін Zheka сүйіктісіне hen party, өзінің достарымен bachelor party жасамақ.

Еске салсақ, Zheka Fatbelly-дің жүрегін жаулаған арудың есімі — Бекзада. Ақпараттық порталдардың мәліметінше Жеңіс бұл бикешке небәрі 3 кездесуден кейін ғашық болып, сөз салған. Ару біраз уақыттан бері дін жолына түсіп хиджаб киеді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @zheka_fatbelly

Поделиться: