Zheka Fatbelly-дің жеке өмірі жұрт назарында! Ауқымды аудиториясы бар блогер небәрі 3 рет қана кездескен аруға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап көпшілікті таңқалдырған еді. Шығармашылығын вайнерліктен бастаған ғаламтор жұлдызы қалыңдығын күні кеше ұзатып алды. Жеңіс Омаровтың тойда түсірген контенті бүгінде трендте. Блогердің инстаграм stories-ын миллионға жуық оқырман тамашалса, аккуантындағы посттарын 3,5 миллион фолловер көрген.
«Сырға салынды. Қыз біздікі!» Қазақтың барлық салт-дәстүрін ұстана отырып ақ құсын қолына қондырған Жеңіс Омаров сүйіктісін ұзатқан сәтте анасының көңілі босап, көзіне жас алғанын да жасырмады.
«Мен өзіме жыламаймын деп сөз берген едім. Жанымызда әкең мен ағаңның жоқтығын білдіртпедің. Керемет қыздарыңызды алуға рұқсат бергендеріңізге, бізге сенгендеріңізге рахмет. Қыздарыңызды бақытты етеміз деп ойлаймын», – дейді Жеңістің анасы.
Еске салсақ, Zheka Fatbelly жұбайының жүзін жасырып жүр. Блогер мұны былай деп түсіндірді:
«Мен жаза кетейін, енді ешкім жасырынған бет-жүзі туралы жазбасыншы. Біз үшін осылай ыңғайлы, солай шештік. Осылай қабыл алыңыз және біз үшін қуаныңыздар!», — деп Жека толассыз сұрақтарға нүкте қойды.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @zheka_fatbelly