Фариза Ескермес сырғалым атанды. Актрисаның ұзату тойында сырға тағылды. Мұндай ерекше рәсім Фаризаның ата-анасының үйінде орын алды. Сылқым жақындары мен өнердегі құрбыларын жинап кішігірім ұзатуын өткізді. Ескермес-тегі маңызды күнде жыламаймын деп ойлаған екен, алайда жүрегі тебіреніп, көзіне жас алғанынан мойындады.

«Жыламаймын деп ойлағам, болмай қалды.
Өте әсерлі болды, бақыттан жылап жібердім.
Ата анамның , бауырларымның , жақындарымның , құрбы достарымның барына РАХМЕТ.

Осы үйде өстім еркелеп, ерке болғанда слишком еркее болдым ғой , анам айтатын «ойбаай , сен ақсаусақ қай жерге келін болады екенсің, не болса да жақсы көрсе екен қызындай» деп. Сол анамның сөзі орындалып күштіііі жерге келін болып бардым, ол үйде мені келін демейді, «қызым» дейді»
, — деп Фариза желіде пост жариялап, жылы естеліктерімен бөлісті.

Фариза Ескермеске үлкен өмірге ақ жол тілеп ұзатқан жан – Балжан Бидаш. Еске салсақ, Балжан мен Фариза бұрыннан бері бірге жақсы араласады. Ал сол сәттегі видео инстаргам желісінде тәулікте 1 миллионнан астап қаралым жинады.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @fariza_yeskermes Автор. @syzdykov.g

Поделиться: