Дильназ Ахмадиева жеке өміріндегі жаңалықтармен бөлісті. Әнші Айнұр Ілиясованың «Мамский әңгіме» бағдарламасына берген сұқбатында екінші күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді. Еске салсақ, эстрада жұлдызы музыкант Азильхан Сейтебаевпен 2017 жылдан бері көңіл жарастырып, 2019 жылы шаңырақ көтерген болатын. Ахмадиева 2020-да Зейдан есімді тұңғышын 39 жасында дүниеге әкелді.

1 жыл бұрын ажырасқан экс-жұп бүгінде достық қарым-қатынаста қалған. Дильназ ұлын бірге тәрбиелеп отырғандарын және оған еш өкпесі жоқ екенін айтты. Ахмадиеваның өзінен 7 жас кіші жарымен қош айтысуына арадағы түсініспеушіліктер себеп болған.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram. @dilnaz_akhmadiyeva.

Поделиться: