3 ай бұрын жарық көрген Дуа Липаның «Illusion» трегі «MTV Video Music Awards» марапатында үміткер атанды. Еске салсақ, аталмыш әнге бит жазған отандық битмейкер — Садуханов Ерқанат Ерғазыұлы. Бұл туралы осы жылдың мамыр айында күллі қазақ елі естіп, Абай облысының қарапайым биология пәнінің мұғалімін мақтан тұтқан еді. Қарауыл ауданында мектепте қызмет ететін ұстаз әуесқой музыкант. Енді ол өңдеген Дуа Липаның әні 3 бірдей номинация бойынша бақ сынайды. Ол: «үздік поп-музыка», «үздік бейнебаян» және дәл осы композицияның клипіне арналған «үздік хореография». Олай болса, Дуа Липа мен Ераға сәттілік тілейміз. Ал нәтиже 10- қыркүйекте белгілі болады.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @eraholic

Поделиться: