«2018 жыл! Сезім осы сәттен бастау алған еді. Бұл қызыққа, сынаққа толы махаббат туралы алда айтып берейін ба?»- деп бастаған Ерке сторисін. Таяуда ғана мұсыландық некелерін қиған Ерке Есмахан мен RaiM алғаш танысқан сәттері жайлы айтып берді. Ерке инстаграмға күйеуімен алғаш түскен суретін жүктеп, ғашықтық оты тұтанған тұстарын тілге тиек етті.
Еркенің айтуынша, соңғы бес жылда RaiM-ның музасы болған. Жас музыканттың жарық көрген әрбір әні сылқымға арналған екен.


Фото. Instagram @erke_esmahan
«Мен үндемесем де Райм бәрін әнмен сіздерге жеткізді» ,- дейді Ерке.
Бұл: Райымбектің жүрек түкпірінен шыққан «O2», «Шам», «4 Дөңгелек», «Бестселлер» альбомындағы композциялары екен.
«Некеге апарар жол көп адастырды», — деген Ерке Есмахан күйеуімен таныстығы мен махаббат хикаясы жайлы фильм таспалауды да ойлап жүр. Әнші бұл туынды шынайы оқиғаға негізделген болады деп отыр.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @erke_esmahan