Гүлназ Жоланова ақ келін атанбақ. Актриса күні кеше ұзатылды деген ақпарат шықты. Ақтау қаласында өткен той туралы танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова инстаграм парақшасында тікелей эфир арқылы мәлімдеген.

Фото. Instagram @zholanova_gulnaz
Еске салсақ, Гүлназ ұзатылған күні Ерке Есмаханға сырға салынған еді. Құрбысының ең маңызды күнінде неге келмегенін сұраған оқырман дәл осындай жауап алды. Әзірге Жоланованың өзі жеке өміріндегі өзгерістер жайлы ресми мәлімдеген жоқ. Тек қана жаңа жыл түны салынған жүзегі ғана фолловерлеріне белгілі.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @zholanova_gulnaz