Шоу-бизнесте жеке өмірін жасыратын жұлдыздар көп. Медиа тұлғалар жұрт көзінен де, әлеуметтік желіден де отбасы жайлы жақ ашпайды. Тіпті балалары туралы да ақпаратты құпия ұстап қалғылары келеді.

Мәселен, Әсел Сағатова екі баланының анасы. Бұл тың ақпаратты жанкүйерлердің бірі білсе, бірі біле бермейді. Бүлдіршіндерін халыққа көрсетуге өнер иесінің күйеуі кәсіпкер Радий Мұхамеджанов қатаң тыйым салған. Ал, Әселдің тұңғышы ұл. Есімі — Алдияр, кенже қызы — Айрис. Бір қызығы Сағатова балаларының өзі сынды өнер жолын қуғанын қаламайды. Алайда актриса кезінде тұңғышын түсірілім алаңына ерте барып, 6 айлық Радийұлы «Рэкетир» фильмінің 2-ші бөлімінде бой көрсеткен еді. Сондай-ақ, актриса 2018 жылы алғаш екі баласымен фотосессия жасап желіге жүктеген.

«Күйеуім қарсы!»: балаларын жұрт көзінен тасада ұстайтын жұлдыздар кімдер?

Фото. Instagram @karlygashmuhamedzhanova

Қарлығаш Мұхамеджанова да жеке өмірін құпия ұстайтын жұлдыздардың бірі. Актриса 10 жылдан астам белгілі бизнесмен Бекболат Балғымбаевтың жары. Бүгінде олар Ажар есімді қызды тәрбиелеп отыр.

Продюсер Нұрлан Қоянбаевтың отбасы жайлы көбірек білгісі келетіндер де өте көп. Алайда әйгілі әзілкеш жұбайын жасырмағанымен, әзірге балаларын көрсетуге құлықсыз.  Еске салсақ, оның 11 жастағы Нұрай есімді қызы мен тоғызға келген Нұрсейіт атты ұлы бар.

Жеңісхан Момышевтің осыдан бірнеше жыл бұрын отбасы құрғаны көпті қуантты. Бірақ режиссер көз тиеді деп қорқады ма, алғашында  жанұясын жұрт көзінен жырақта ұстаған еді. Бүгінде hair stylist Diva Boni-мен үш бала тәрбиелеп отырған киногер бүлдіршіндерін бір жастан асқаннан кейін ғана ғаламторға салып жүр.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @karlygashmuhamedzhanova

Поделиться: