Әли Оқаповтың жеке өмірі әке атанғалы бері жұрт назарында. Әнші бүгінде отбасындағы әр қуанышын желіде белсенді түрде бөлісуді де әдетке айналдырған. Әли күні кеше «Без прикрас» бағдарламасында ұлы Зейіннің кімге ұқсайтынын ашып айтты.

Әли Оқапов
Источник фото: Instagram @aliokapov

«Зейін аққұба өңді. Оның қандай болатыны бізге қызық болды. Өйткені, біздің өңіміз әр түрлі. Бірақ бет әлпеті күн санап өзгеріп жатыр. Суреттеу мүмкін емес. Бірақ анам менің бала кезде тура Зейін секілді болғанымды айтады. Себебі, бала кезде біздің де келбетіміз басқаша болады ғой. Оны аққұба Әли Оқапов болады деп үміттенемін», — дейді Оқапов.

Еске салсақ, Әли Оқапов пен Ақерке Бүркібайдың тұңғышы ақпан айында дүниеге келген еді. Сондай-ақ, ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева немересінің бесік тойын дүркіретіп атап өткен болатын.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aliokapov

Поделиться: