Әсел Садвақасова Балиден елге оралғалы бері өмірің күрт өзгергенін айтты. Бүгінде коуч-мотиватор атанған актриса сүйіктісімен бірге бір шаңырақ астына көшіп, күнделікті таңғы ас әзірлеуді бастаған.
«Дайындаған тамағымнан қандай нәтиже шықса да, Мағжан мені мақтап отырады, ол маған мотивация береді», — деп Әсел өзінің инстаграм stories-ында бөлісті.
Бірнеше айдан бері жұп атанған қос ғашық бүгінде бір-бірінің жақындарымен, өнердегі достарымен таныстықты бастап кеткен. Фанаттар енді Мағжан мен Әселдің үйлену тойларын асыға күтіп жүр.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @tleuhanov