Ақпан бәлкім, ең қысқа ай болған шығар, өйткені бәріміз көктемнің тезірек келгенін қалаймыз. Енді міне көп ұзамай күннің шуағына бөленіп, Халықаралық әйелдер күнін атап өтеміз. Біз сізге уақыт үнемдеуге көмектесетін стильді әрі трендті образдарды дайындадық. Біздің сәнді гидіміз сізді күтіп тұр!
Shine bright




Утилитарлық стильдегі ұзын күртеше романтикалық әрі сексуалды көйлекпен ерекше үйлеседі. Prada өткен күзде Миландағы сән апталығында осы стильдік әдіспен барша көрерменді таңғалдырды. Енді бұл «лукке» сандалдар мен шағын сөмке қосып, мерекелік кездесуге барудың дәл уақыты.
Мінсіз ару




Коко Шанель сүйіп киген твидті костюмдер әлі күнге дейін сұранысқа ие. Десе де, көктем мезгілінде бізге тәжірибе жасап, тәуекелге бару ұнайды. Классикалық жакетті ашық түсті миди белдемшемен, Bratz стиліндегі туфли мен ақ шұлықпен киіңіз. Комплименттерге дайын болыңыз!
Iconic




Тіпті ең қарапайым костюм де ойнақы жейдемен ерекше көрінеді. Jean Paul Gaultier-дің әйел мүсіні бейнеленген сәнді моделі дәл осы стильге сай келеді. Образыңызды жалбыз түсті лоферлермен толықтырып, жұмыстан кейін әріптестермен мейрамханада мерекені атап өтіңіз.
Көктемді қарсы алу




Жылы маусымды өміріңізге бірден енгізудің түрлі жолдары бар. Мысалы, бақшада құрбыларыңызбен ерекше кеш ұйымдастыру. Шара иесі ретінде сіз көктемнің, сұлулықтың және нәзіктіктің символы болуыңыз керек. Гүлді өрнекті көйлек, ашық түсті аяқ киім және романтикалық клатч – сізге көмектеседі.
Басты назарда болу





8 наурызға арналған түрлі-түсті және эклектикалық образдар әйелдердің жер бетіндегі сұлулықтың символы екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Әр түрлі қанық реңктер мен текстураларды үйлестіруден қорықпаңыз – бұл әрдайым ерекше және батыл көрінеді.
Эдемге қайта оралу




Гүлді мотивтер табиғатпен бірге көйлектерімізде де бүршік жарады. Бұл процесті тоқтатқымыз да келмейді. Нәзіктігіңізді Bvlgari Serpenti білезігімен толықтырсаңыз, сіздің «бағыңыз» жұмаққа айналуы мүмкін.
Автор. Мария Бурлака. Источник заглавного фото. Spotlight. Фото. Пресс-офисы марок.