Әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет өзінің Instagram парақшасына неке жүзігімен фото жүктеп оқырмандарды таңқалдырды. Ол тіпті суретінің астына «Я сказала да!», — деп жазба қалдырған. Танымал тұлғаның дәл осы күтпеген жаңалығы фолловерлерді ойландырып қойды. Ол аздай Боташка той көйлегін таңдап жүрген әдемі контентін де көрсетіп, көпішілікті қызықтырды.

Фото: Instagram @akbotanurabaykyzy

Алайда бұл тек әншінің алдағы жылға қойған жоспары, ниеті сыңайлы. «Деп биыл тұрмысқа шығып кетемін-ау…», — дәл осылай Instagram сторисын түйіндеген ару өзінің жар бақытын сезінгісі келіп жүргенін көрсеткісі келгендей. Ал желідегі қолдаушылары әншіге шынайы тілектес екендерін білдіріп, бақыт тілеуде.

Фото: Instagram @akbotanurabaykyzy


Автор. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото: Instagram @akbotanurabaykyzy

Поделиться: