8 наурызға арналған макияж — шаш үлгісі мен образыңыз сияқты, ең алдымен сіздің жеке даралығыңызды көрсетуі керек. Әрине, әйелдерге өздерінің сұлулығын дәлелдеу үшін арнайы мереке қажет емес. Сондықтан әр күн – сіздің күшіңіз, сенімділігіңіз бен стиліңіздің мерекесі бола алады. Дегенмен, ерекше мерекені атап өтуге шешім қабылдасаңыз, мысалы, құрбыларыңызбен немесе сүйіктіңізбен бірге, біздің материалымызға назар салыңыз. Мүмкін, сізге осы идеялардың бірі ұнап, қайталағыңыз келетін шығар.

Қуыршақ образы

Фото. Instagram @kimkardashian

Ким әрдайым керемет образдардың трендсеттері қатарында. Жақында ол қызғылт еріндерге, алқызыл бетке және ұзын кірпіктерге акцент қойған мінсіз қуыршақ макияжын көрсетті. Көздерді қоңыр қарындашпен сызып, шашыңызға бант байлаңыз. Сыртқы келбетіңіз сәл алдамшы болып көрінсін.

Табиғи сұлулық (Natural)

Егер ашық түсті макияжды ұнатпасаңыз, табиғи мейк идеясын ұсынамыз. Консилер, бетіңізді қызартатын опа-далап, контур жасайтын құрал және табиғи реңктегі хайлайтер көмегімен әдемі әрі жеңіл әсер жасауға болады.

Ережесіз макияж (No Rules)

Фото. Spotlight. TOM FORD, осень-зима 2025

«Жалаңаш бет» пен шарап түстес еріндер тренді әлі күнге дейін сұраныста. Біз де бұл трендке қарсы емеспіз. Теріні жақсылап ылғалдандырып, қастарыңызды айқындаңыз. Қанық түсті, жылтыр финиші бар далапты таңдаңыз – ол сізді ешқашан жарты жолда қалдырмайды.

Күн сәулесі (Солнечный зайчик)

Әр түрлі түстерді қосуға қарсы емес жандар үшін көзден бастауды ұсынамыз. Ашық сары түсті бояулар жіңішке стрелкалармен және мүмкін блесткалармен керемет үйлеседі. Қалған макияжды әдеттегі румянамен және ерін бальзамымен аяқтаңыз.

Қызыл жіппен тігілген макияж (Сшито красной нитью)

Фото. Spotlight. GANNI, осень-зима 2025

Ең батыл және ерекше образ үшін біз арнайы макияж ұсындық. GANNI визажистері түрлі-түсті жіптерді қолдана отырып, образды қалай әртүрлі етуге болатынын көрсетті. Кірпік желімін қолданып, жіңішке жіптерге стрелка пішінін беріңіз. Өте батыл әрі ерекше көрінеді.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Spotlight.

Поделиться: