13.03.2025! Дәл осы айтулы дата Алдияр Қуаныш пен Аделина Ералиева үшін маңызды күн. Қазақстандық кинода сұранысқа ие болған жас актер сүйіктісіне күні кеше жүрегі мен жүзігін ұсынды. Сері романтикалық кешкі ас ұйымдастырып, қызыл раушан гүлін әзірлеп ғашығына күтпеген жерден тосын сый жасап отыр. Ал сақинаны тәтті десерттің ішіне салып қойған.
Әсерлі сәтті таспаға тартып алған актриса Аделина Ералиева «I said yes» деп инстаграм парақшасына фото жүктеп, оқырманнан сүйінші сұрады. Еске салсақ, қос актер түсірілім алаңында танысып, көңіл жарастырған еді. Ғашықтар «Теңіз түсті махаббат» телехикаясы мен «Бәрі өз қолыңда», «Қайын ата vs Күйеу бала» фильмдерінде бірге бой көрсетеді.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @yeralievaa_