Шығармашылық мансабы үшін елден жырақта жүруіне тура келетін өнер адамдары бар. Сонымен қатар, жан қалауын орындап, өз еріктерімен өзге елге қоныс аударған әншілер, актрисалар да аз емес. Мәселен, Димаш Құдайберген, Геннадий Головкин, Софи Манасян, Лидо.

Димаш Құдайберген

Еліміздің атын әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген қазіргі таңда АҚШ-да тұрады. Дәлірек айтсақ, штаттың ең үлкен қаласы Лос-Анджелесте. Тынық мұхиттың жанына жайғасқан әнші шығармашылығын дамытып, үнемі концерттер беріп отырады. Айта кетсек, Димаш уақытының көп бөлігін гастрольдік сапарға арнайды.

Геннадий Головкин

Қазақстандық кәсіпқой боксшы әлем ареналарын бағындырып жүріп сол жақта қалып қоюды жөн санаған сыңайлы. Былғары қолғап шебері бүгінде Америкада отбасымен бірге тұрақтаған. Мансап жолы да штаттың Лос-Анджелес қаласында жалғасуда, жеке жаттықтырушысы бар көрінеді. Спортшы елдегі маңызды іс-шараларға келіп, ара-тұра бой көрсетіп тұрады.

Софи Манасян

Қазақстандық жас актриса әрі биші Софидің бүгінде Лос-Анджелесте өз үйі бар. Небәрі 13 жастағы жеткіншектің жетістіктері мақтан тұтарлықтай. АҚШ-та жүріп өз шығармашылығын дамытып жүрген ару Nickelodeon, Netflix, Paramount+, Disney сынды алпауыт кампаниялардың жобаларына қатысып, тәжірибе жинап үлгерген.

Лидо

Елімізге танымал әнші Лидия Доссалина да бұл тізімді жалғайды. 2018 жылы отбасымен бірге түбегейлі Америкаға қоныс аударған ол әлеуметтік желіде өте белсенді. Қазіргі таңда Лидо бақытты жар, аяулы ана. Әншінің қолдаушылары арудың елге қайтып, шығармашылығын қолға алатын ойы жоқ сыңайлы деп топшылайды.

Мерей Әбілова

Танымал блогер Мерей Әбілова да ақ келін атанғалы Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласына өте көп саяхаттайды. Екі жыл бұрын елге белгілі аяқ допшы Дінмұхаммед Қашкенге тұрмысқа шыққан ол, тіпті тойдан кейін 2 айдың көлемінде Дубайда тұрған-ды. Қазіргі таңда жас отбасының Мариям есімді сәбиі бар. Жақын күндердің бірінде жұп тағы да Дубай қаласында демалып келген еді.

Гүлназ Жоланова

Талантты актриса Гүлназ Жоланова да бұл тақырыпта тыс қалмайды. Себебі, адал жар атанғалы ару Дубай еліне қоныс аударған. Бірақ актриса отбасылық өмірін құпия ұстайтын жандардың қатарынан. Дегенмен, шығармашылық жаңалықтарымен қатар күнделікті өміріндегі қызықты сәттерді Гүлназ инстаграм парақшасына жиі жүктеп отырады.


Автор. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото: Instagram @kudaibergenov.dimash