Көктем – күн жылып, табиғат оянып, дала ерекше атмосфераға оянатын мезгіл. Алайда дәл осы кезде адам ағзасы қыс бойы әлсіреп, иммундық жүйе де төмендеп жатады. Осыны пайдаланып, вирустар мен бактериялар белсенді түрде тарай бастайды. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Бұл мақалада біз аурудың алдын алу жолдарын ұсынамыз. Әсіресе көктемде жиі кездесетін вирустар қатарына:

— Риновирус (мұрынның шырышты қабығын зақымдайды)

— Коронавирус түрлері (ЖРВИ белгілеріне ұқсас)

— Парагрипп және аденовирус (тамақ аурулары мен температура)

— Тұмау вирустары (кейде көктемнің басында белсенді болады)

Иммунитетті қалай күшейтуге болады?

Фото. Shutterstock. Автор. anatoliy_gleb

Ағзаның қорғаныс қабілетін арттыру – аурудың алдын алудың ең тиімді жолдары бар. Олар:

Дұрыс тамақтану – дәрумендер мен микроэлементтерге бай тағамдарды тұтыну керек:

• С дәрумені (лимон, апельсин, қырыққабат, көк шөптер)

• D дәрумені (күн сәулесі, жұмыртқа сарысы, балық майы)

• Мырыш пен темір (ет, жаңғақ, қарақұмық)

Физикалық белсенділік – серуендеу, жеңіл жаттығулар, таза ауада жүру иммунитетті нығайтады.

Ұйқы мен тынығу – күніне кемі 7–8 сағат ұйықтау қажет. Ұйқы жетіспеушілігі ағзаның қорғаныс күшін әлсіретеді.

Су ішу режимі – ағзаны шлактардан тазартып, зат алмасуды жақсартады.

Жалпы респираторлық вирустардың ең белсенді кезеңі: күз-қыс айлары, өйткені бұл уақытта ауа салқын әрі ылғалды болады, адамдар көбіне үй ішінде, жабық кеңістікте жүреді — бұл вирустың тез таралуына жағдай жасайды. Бірақ көктемде де вирустар белсенді болады. Себебі, көктемгі температураның тұрақсыздығы және осы кезеңде иммунитеттің әлсіреуі. Статистика бойынша вирустың ең жоғары өршуі қыс айларына тиесілі болғанымен, көктемде вирус жұқтыру қаупі әлі де басым.


Автор. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Shutterstock. Автор. New Africa

Поделиться: