Айсәуле Бақытбектің кенже қызы Сәтті 1 жасқа толды. Блогер ханшайымының төл мерекесіне орай дүркіретіп «тұсау кесер» рәсімін өткізді. Туған күнге Айсәуленің ең жақын жандары ғана жиналған.
«Сәтті-фрутти»! Айсәуле отбасындағы маңызды шараны барынша креативті ұйымдастырған. Идея – жемістерден алынған. Мәселен, келген меймандарды түрлі жидектермен безендірілген декорация күтіп тұрды. Туған күннің естеліктерімен Айсәуле мен анасы Баян Алагөзова инстаграм парақшаларында бөлісті. Еске салсақ, бүгінде үшінші сәбиіне аяғы ауыр Айсәуле, 2 қызын жұрт көзінен тасада ұстайды.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @aissaulebakytbek