Отандық танымал актер Төлепберген Байсақалов енді режиссер! Киногер Түркия елімен бірігіп фильм таспалады. Халықаралық жоба — «София» деп аталады. Картинада Төлепберген Байсақалов басты рөлдің бірін сомдайды.
Қос елге ортақ туынды Францияда өтіп жатқан Канн кинофестивалінде таныстырылды. Лента Босфор жағалауында және Түркияның демалыс аймақтарында таспаланған. Сюжетте София есімді украиналық ару мен Азамат есімді қазақстандық имигранттың оқиғасы баяндалады. Төлепберген Байсақаловтың өзі қызыл кілемде көрінбесе де, фильмді таныстыруға Канн төрінде басты рөлдегі актриса Яна Рай мен продюсер Дарья Дунич арнайы аттанған.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @sophiya.movie