Әли Оқапов оқырмандарына ресми мәлімдеме жасады! Әнші барлық марапатынан бас тартатынын айтты. Роза Рымбаеваның тұңғышы мұндай шешімге не үшін келгенімен де бөлісті. Еске салсақ, Оқапов-тегі күні кеше қазақ музыка саласына қосқан үлесі үшін «Құрмет» ордерімен марапатталған еді. Тіпті өнерпаздың бұл жетістігімен құттықтаудың орнына фолловерлер кереғар пікір жазған болатын. Ал, оған Әлидің жауабы мынадай:

«Қымбатты достар, соңғы жағдайға байланысты пікір білдіргім келіп отыр. Шынымды айтсам, дәл осылай ел талқысына түсемін деп күтпедім. Ешкімге кінә артпаймын, бірақ бұл дұрыс емес. Сондықтан осы сәтті пайдаланып, осы күнге дейін алған барлық музыкалық жүлделерімнен бас тартамын. Тіпті, мұны көптен бері ойлап жүрген едім. Өйткені менің ұлыма балалар бөлмесі қажет. Ал статуэткалар орын алады. Мемлекеттік марапат – салмақты жүлде. Мен жүлдені қайтару жөнінде Ата Заңды да оқыдым. Бірақ өзіме қажетті нормативтік құжатты таппадым. Демек осы күнге дейін ешкім мемлекеттік марапаттан бас тартпаған», – дейді Әли.

Эстрада жұлдызы «Құрмет» ордерін иеленетінінен бейхабар болғанын айтып ақталды.

«Мен ештеңені алдын-ала білмедім. Ұйымдастырушылар түнде ғана хабарласып, таңертең марапаттау рәсіміне келіңіз деді. Өзімді не күтіп тұрғанын да түсінбедім. Сондықтан ешкімнің алдында кешірім сұрағым келмейді. Сыйлықтан бас тарту – өзімнің шешімім. Ешкім мені мәжбүрлеген жоқ. Осы күні мені қолдаған барлық тыңдарманыма алғысым шексіз. Мен бақытты адаммын. Отбасым жанымда, сүйікті ісіммен айналыса беремін», – деп алғыс білдірді әнші.

Енді Әлидің марапаттары тұрған бөлме, оның ұлына тиесілі. Сондықтан да Оқапов оны жинап, сыр сандықта сақтауға шешім қабылдаған.

Оқаповты марапатымен сынағандар болса да, музыканттың жақындары мен отбасы оған қолдау білдірді. Соның бірі Әлидің жары Ақерке Бүркітбай. «Асыл» тобының әншісі «Еңбек еткен адамның еңсесі биік» деп күйеуіне арнайы пост қалдырды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aliokapov

Поделиться: