Ретроградты Меркурий – бұл астрологтар жылына бірнеше рет қорқытатын “құбыжық”. Осы кезеңде техника бұзылып, қарым-қатынастар үзіледі, келісімдер орындалмай қалады – осының бәрі ретро-Меркуриймен байланыстырылады. Бұл құбылыстың шынымен де кері әсерлері бар. Бірақ бұл кезде жай ғана күтуден басқа амал жоқ па? Әрине, жоқ! Бұл мақалада мен сізге Ретроградты Меркурий кезеңінен дұрыс өтіп, тіпті оны өз пайдаңызға қалай қолдануға болатынын түсіндіремін.
Ретроградты Меркурий дегеніміз не?
Астрологияда ретроградты қозғалыс – бұл оптикалық иллюзия, яғни Жерден қарағанда, белгілі бір планетаның кері қозғалып жатқандай көрінуі. Шын мәнінде, ешқандай кері қозғалыс болмайды. Жай ғана планетаның Күнді айналу жылдамдығы баяулайды, соның салдарынан ол кейін шегінгендей әсер береді. Айта кету керек, Күн мен Айдан басқа барлық планеталар ретроградты бола алады. Бірақ біз көбіне Меркурий туралы естиміз. Неге? Себебі, бұл планета Күнді ең жылдам айналып өтетіндіктен, оның ретроградты кезеңі жиі қайталанады – жылына 3-4 рет, әрқайсысы шамамен 2-3 аптаға созылады.
Меркурий нені басқарады?
Астрологтардың айтуынша, Меркурий құжаттар, келісімшарттар, байланыс, техника, коммуникация, қаржы, ақпарат, көлік, сауда, интеллект, сапарлар, келіссөздер, хат алмасу және білім алу салаларын басқарады. Сондықтан дәл осы салаларда ретроградты кезеңде қиындықтар туындайды. Өзім де бұл кезеңде адамдардың көңілсіз, ойларын жинақтай алмай жүргенін талай байқадым. Әмиян жоғалту, көліктің бұзылуы, жол апаттары, гаджеттердің дұрыс істемеуі, адамдардың бір-бірін түсінбеуі, өткен шақтан таныстардың қайта оралуы – осының бәрін өз басымнан да өткердім, айналамдағы адамдардан да көрдім. Сондықтан ретроградты Меркурий әрқашан күтпеген жағдайларға толы кезең.

2025 жылы Ретроградты Меркурий қашан болады?
2025 жылы Меркурий бізді 4 рет «қуантады»:
• 13.12.2024 – 02.01.2025
• 02.04.2025 – 25.04.2025
• 05.08.2025 – 28.08.2025
• 26.11.2025 – 15.12.2025
Бірақ ескеріңіз, Меркурий кері қозғалысқа түспес бұрын 2-3 апта бұрын баяулай бастайды. Яғни, ретро-Меркурийдің әсерін біз әлдеқайда ерте сезіне бастаймыз.

Ретроградты Меркурий кезінде не істеуге болмайды?
- Маңызды келіссөздер жүргізу және қарым-қатынастарды анықтау
Себебі: Қазіргі кезде адамдар сіздің айтқаныңызды дұрыс түсінбеуі мүмкін.
- Жаңа бизнес бастау
Себебі: Жоба сәтсіз болуы мүмкін, сенімсіз қызметкерлерді жұмысқа алып қоюыңыз мүмкін, бюрократиялық қиындықтар туындауы ықтимал.
- Жаңа нәрсені үйренуді бастау
Себебі: Қазіргі уақытта миымыз “тежелу” күйінде, жаңа ақпаратты қабылдау қиын. Бірақ егер сіз бұрыннан білетін нәрсені тереңдетіп оқитын болсаңыз, бұл кезең оған өте қолайлы.
- Құжаттарға қол қою, келісімшарт жасау
Себебі: Кейін бұл құжаттардың орындалуында қиындықтар тууы мүмкін, келісімдер бұзылуы ықтимал.
- Жаңа жұмысқа орналасу
Себебі: Бұл жұмыс ұзаққа созылмауы немесе күткен нәтижеңізді бермеуі мүмкін.
Ретроградты Меркурий кезеңінде не істеуге болмайды?
- Жаңа жұмысқа орналасу
Неге? Мүмкін, сіздің «үміттеріңіз» бен «шынайы жағдай» сәйкес келмейді. Сондықтан көңіліңіз қалыңқы болуы ықтимал. Алайда, егер бұл жұмыс сіз үшін уақытша болса (маусымдық жұмыс, қызметкерді уақытша алмастыру), онда алаңдамай жұмысқа орналасуға болады.
- Құжаттарды рәсімдеу (паспорт, виза және т.б.)
Неге? Құжаттарды дайындау ұзаққа созылуы немесе қателіктер кетіп, бәрін қайта жасауға тура келуі мүмкін.
- Смартфон, планшет, компьютер және ақпарат алмасуға байланысты техниканы сатып алу
Неге? Жаңа техника сапасыз болып шығуы мүмкін немесе оны сатып алған соң қандай да бір ақауларын байқайсыз. Бірақ егер сатып алу міндетті болса, онда құрылғыны мұқият тексеріп алыңыз және түбіртекті сақтап қойыңыз.
- Жылжымайтын мүлік, көлік және басқа да бағалы заттарды сатып алу
Неге? Үлкен сауда-саттық келісімдері кезінде құжаттарда қиындықтар туындауы мүмкін. Сондай-ақ, кейін сіз затта бұған дейін байқалмаған кемшіліктерді табуыңыз мүмкін.
— Іссапарлар мен саяхаттарға шығу
Неге? Жолда қиындықтар туындауы мүмкін, рейстер кешіктірілуі немесе маршрут өзгеруі мүмкін. Сапар күткен нәтиже бермеуі ықтимал.
— Уәде беру немесе маңызды келісімдер жасау
Неге? Өзіңіз де байқамай уәдеңізді орындай алмай қалуыңыз мүмкін.
— Көшіп кету
Неге? Жаңа жер сізге ұнамай қалуы мүмкін.
- Несие рәсімдеу немесе қарыз алу
Неге? Қарызды қайтару қиынға соғуы мүмкін.
Жаңа таныстық орнату, маңызды шешімдер қабылдау
Неге? Қазіргі уақытта адамдармен қарым-қатынаста түсініспеушіліктер туындауы ықтимал. Сондықтан жаңа байланыстарды бастауға асықпаңыз.
Медициналық тексерулерден өту
Неге? Зертханалық талдаулар мен медициналық тексерістердің нәтижелері дұрыс болмауы мүмкін. Сондықтан қосымша тексеруден өтуге тура келеді.
Асығыс шешімдер қабылдау
Неге? Бұл кезеңде асығыстық таныту дұрыс емес. Барлық шешімдерді мұқият ойластыру қажет.

Ретроградты Меркурий кезінде не істеу керек?
- Ескі істерді аяқтау – аяқталмаған істерді ретке келтіру үшін таптырмас уақыт.
- Бұрын жоғалтып алған мүмкіндікті қайта пайдалану
- Мысалы, егер бұған дейін сіз бір жұмыстан бас тартып, кейін өкінсеңіз, дәл осы кезеңде сол мүмкіндікті қайта қарастыра аласыз.
- Ескі таныстармен байланыс орнату
- Бұл кезеңде сізбен бұрын араласқан адамдар кенеттен қайта байланысқа шығуы мүмкін.
- Құжаттарды реттеу, маңызды қағаздарды қайта қарау
- Маңызды құжаттардың дұрыстығын тексеріп, керек болса көшірмесін жасаңыз.
- Өзіңізді дамыту, білімді тереңдету
- Егер бұған дейін бір пәннен емтиханнан құлап қалсаңыз, ретроградты кезеңде қайта тапсыруға тамаша мүмкіндік туады.
- Өмірдегі маңызды шешімдерді таразылау
- Бұл уақытта жаңа шешім қабылдауға асықпаңыз, бірақ жоспар құруға өте қолайлы кез. Жаңа стратегиялар құрып, болашақ мақсаттарды айқындау үшін таптырмас уақыт.
- Үйіңізді тазалау, қажет емес заттардан арылу
- Осы кезеңде қажетсіз заттардан арылып, үйіңізге жаңа энергия кіруіне мүмкіндік беріңіз. Керек емес заттарды сатып, жаңаларына орын босатыңыз.
- Көлікті тексеруден өткізу
- Ретроградты Меркурий – көлік жөндеу, тексеру үшін қолайлы кезең.
- Позитивті ойлау
- Кез келген өзгерісті сабырмен қабылдаңыз. Барлығы қайырымен болатынын естен шығармаңыз.
Ретроградты Меркурий кезінде есте сақтау керек кеңестер
- Ойыңызды оң бағытта ұстаңыз. Қандай да бір қиындықтар болса да, уайымға салынбаңыз.
- Барлық құжаттарды мұқият тексеріңіз. Ешқандай қатеге жол бермеңіз.
- Қабылдайтын шешімдеріңізге мұқият болыңыз. Барлығын қайта қарап, сараптаңыз.
- Тыныштық сақтаңыз. Сабырлық сізге бұл кезеңнен қиындықсыз өтуге көмектеседі.
- Өз уәделеріңізді орындай алатыныңызға көз жеткізіңіз.
- Эмоцияларға берілмеңіз. Бұл уақытта ашулануға немесе асығыс әрекет етуге болмайды.
- Электронды құрылғыларға мұқият болыңыз. Оларды жөндеуден өткізіп, тексеріп алыңыз.
- Өмірде болып жатқан оқиғаларды сабырмен қабылдаңыз.
Ретроградты Меркурий – қорқатын нәрсе емес. Керісінше, ол біздің өмірімізде болған қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл кезең – өзімізді жетілдіру үшін тамаша уақыт. Осы кеңестерді ұстану арқылы сіз бұл уақытты өзіңізге пайда әкелетіндей етіп пайдалана аласыз.
Автор. Эльмира Колмакова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Shutterstock.com.