«Қазақ жігітіне тұрмысқа шығуымыз керек, қыздар. Ешқашан басқа ұлттың жігітіне тұрмысқа шығушы болмаңдар. Ұлт мәселесі бірінші орында!». Бұл сөздер «Джейран» тобында өнер көрсетіп жүрген кездегі Фаризаның айтқан пікірі. Алайда сылқым бүгінде бұл ойына қарсы шығып, өзге ұлт өкілімен көңіл қосқан. Актриса әрі блогер мұндай шешіміне махаббат себеп болды дейді.

Фариза Ескермес «Қыздар-ай» бағдармаламасында жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті. Жыл басында желіде өзінің ғашығын көрсеткен Фариза ол туралы ақпарат айтпаған еді.

«Тек қана махаббат өзгертті. 2019-2020 жылдары «Джейран» тобындағы Мединаның туған күні болды. Сол кезде мен «Қазақ жігітіне тұрмысқа шығуымыз керек, қыздар. Ешқашан басқа ұлттың жігітіне тұрмысқа шығушы болмаңдар. Ұлт мәселесі бірінші орында» деп қатты айқайлап айтып қойдым. Мен сенімді түрде айтқан кезде Құдай «Енді көре ғой» деп, осы жолды берген секілді. Той бұйырған кезде болады. Жоспарлап жатырмыз» , — деді Фариза.

Фаризаны сүйіктісімен достары таныстырған. Қос ғашық жұп болмас бұрын жарты жылдай достық қарым-қатынаста болған.

Бойында қазақтың да, украинның да, татардың да, өзбектің де қаны бар. Өзі қазақпын дейді. Әкесі орыс қой. Анам қарсы болған жоқ. Әкемнің бетіне қарауға қорқып, әлеуметтік желіде «Әке, осындай жағдай болып қалды. Менің жігітім өзге ұлттың адамы. Қалай қарайсыз» деп жаздым. Басында біраз сұрақ қойды. Бірақ түбі «Ең бастысы, сенің бақытың» деп батасын берді», — деді.

Источник видео: Instagram @fariza_yeskermes

Фариза сондай-ақ, сүйіктісіне не үшін ғашық болғанын да ашып айтты.

«Менің өнерімді, болмысымды қабылдай білген адам. Әрдайым менің сөзімді тыңдап, сыйлай білген азамат. Мен осы қасиетіне ғашық болдым. Осыған дейін сөз салған қазақ азаматтары болды, әрине. Бірақ, өнеріме қарсы болды. Түбегейлі қарсы болды. «Киноға түспейсің. Сахнада жүрмейсің» деді. Оның өнерге қатысы жоқ. Кадрдың сыртында жүретін адам, концерт ұйымдастырушы.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @fariza_yeskermes

Поделиться: