Күнделікті өзіміз ішіп жүрген қара шай, адам өмірін ұзартады екен. Оның осындай артықшылығын Ұлттық денсаулық сақтау институтының зерттеушілері анықтаған. Тек ол үшін танымал сусынды күн сайын белгілі бір мөлшерде тұтыну қажет.

Қара шай

11 жыл бойы ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Ұлыбританияның 40 пен 60 жас аралығындағы 500 мыңға жуық тұрғынын бақылауға алған. Сөйтіп, олар күн сайын кем дегенде екі кесе шай ішетіндердің ауруға аз шалдығатындығын анықтапты. Сондай-ақ, кофеге қарағанда, шайды көбірек тұтынатындар арасында мезгілсіз қайтыс болатындар саны 13% — ға азайған.

Сарапшылар өз баяндамасында қара шайдың басқа сусындардан артықшылығы оған сүт немесе қант қосылған кезде де сақталатынын атап өтті. Өйткені, дененің антиоксиданттық қорғаныс жүйесін ынталандыру қабілеті мүлдем әлсіремейді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.com.

Поделиться: