Мүмкін, сіз де жазғы маусымға арналған классикалық аяқ киімдерден жалыққандардың қатарынансыз. Онда сізді сюрреализм әлеміне енуге шақырамыз және кештер мен сәнді шараларға ерекше образдар жасауға оңай көмектесетін ерекше жеңіл аяқ киімдерді ұсынамыз. Дизайнерлер ірі әшекейлермен безендірілген батыл үлгілерді, өкшесі бар шашақты сандалдарды және тіпті қауырсынды «қаздың табанына» ұқсас үлгілерді таныстырды. Сонымен қатар, гайдқа 3D-принтрде басып шығарылғандай көрінетін модельдер мен сол және оң аяқ киімдері бір-бірінен ерекшеленетін асимметриялық жұптар да кірді.
Ал сіз аутентті әрі батыл киім үлгілерін жасау үшін қаншалықты алысқа баруға дайынсыз? Егер мұндай жұптар сізге ұнайтын болса, материалды қарап көріңіз – бұл маусымның ең ерекше жеңіл аяқ киімдері сол жерде жинақталған.

Alaïa

AQUAZZURA

Camper

Christian Louboutin

Gianvito Rossi

KHAITE

Magda Butrym

Moschino

RENÉ CAOVILLA
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Фото. Пресс-офисы марок.