Ayau репертуарын толықтырды! «Zakrytyi club» лейблының әншісі «ALPHA» тобының мемберімен фит жазды. Нақтырақ айтсақ, бойзбенд мүшесі A.Boo-мен. Қос музыкант бірігіп «tartady» трегін дуэтте орындады. Композиция – Аяулым Құсайынға тиесілі. Туынды осыдан 1 жыл бұрын жазылып, Аяудың альбомына енуі тиіс еді. Алайда ән үнтаспаның форматына сай келмегендіктен релиз кейінге шегерілген. Ал «ALPHA» тобындағы жалғыз соло дебют алған өнерпазбен коллоборация жасауды M’Dee ұсынған.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @ayaumusic

Поделиться: