Айсәуле Бақытбек инстаграм парақшасында сұрақ-жауап айдарын жасады. Блогер оқырмандарының көкейіндегі кез-келген сұрақтарға жауап беруге уәде берген. Сауалнамалардың бірі мынадай: «Әкеңіз жақтан туысқандарымен араласасыз ба?». Баян Алагөзваның тұңғышы бұл орайда олармен араласпайтынын және ешқашан жақын болмағанын айтты. Сондай-ақ, Айсәулеге «Әкеңізбен жиі араласып тұрасыз ба әлде тек мереке күндері ғана ма?», — деп бір фолловер сұрақ қойған.

  • «Әр күн сайын біз араласып тұрамыз. Менің ата-анаммен қарым-қатынасым өте керемет. Бұл отбасымызда қандай жағдай болмасын, әке-шешемнің арасындағы келіспеушіліктер ортақ балаларына кесірін тигізбеу керек деген анамның түсінігінің арқасы. Көптеген отбасында ерлі-зайыптылар ажырасып жатса, балаларын бөліп алып, бір-бірімен араластырмай қояды. Себебі әйелдер өздерінің жеке реніштерін балаларын араластырып жатады.» — Айсәуленің жауабы осындай.

Айсәуле күйеуінің әке-шешесімен бірге тұрғаны және қазіргі таңда бөлініп шыққан жайлы да айта кетті. Блогер бизнесмен Әлішер Қайдаровқа тұрмысқа шыққан сәтте ата-енесімен 1,5 жыл бірге тұрған. Одан кейін Бақытбек-тегі жолдасымен бірге жеке бөлініп шыққан. Алғашында үйдің тірліктерін бәрін өзім істедім, тамақ жасадым, себебі үй қызметшісі болмады, бірақ дегенмен бөлек тұрған ыңғайлы дейді Айсәуле. Еске салсақ, блогердің бүгінде екінші сәбиіне аяғы ауыр. Тұңғышы Сафияның жасы 1 жас 6 айдан асты.

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aissaulebakytbek

Поделиться: