Жұлдыздар танылмай тұрып қандай болды? Harper`s BAZAAR Kazakhstan ұжымы шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағанын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – танымал медиа тұлға және блогер Айсәуле Бақытбек.
Айсәуле Бақытбек бала күнінен танымал. Баян Алагөзованың тұңғышы болғандықтан да Айсәуле кішкентай кезінен көпшілік назарында өсті. 2014 жылдан бері инстаграмда блог жүргізіп жүрген медиа тұлғаның 1,3 миллион оқырманы бар. Тележүргізуші әрі контентмейкер атанған бикештің жеке парақшасында lifestyle, travel, fashion және beauty салалары бойынша арнайы контент көре аласыз. Сондай-ақ, Айсәуле YouTube каналын қолға алып, шоу-бизнестегі өнер өкілдерімен сұқбат жасайды.
Бүгінде екі қыз тәрбиелеп отырған Айсәулені бизнесвумен деп те атай аламыз. Блогер сұлулық салоны мен нәзік жандыларға арналған үй киімдерін сатумен айналысады. Шығармашылығында бос уақыты жоқ болса да Айсәуле өзіне көңіл аударуды да ұмыт қалдырмайды. Тіпті 27 жастағы ару мінсіз мүсіні мен табиғи сұлулығының арқасында талай қыздың мотиваторы атанды.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aissaulebakytbek Автор @az.kenzhegulov