Айсұлтан Сейітов бағындырған тағы бір белес! Жас болса да жаһанға танымал режиссердің таспалаған туындысы «Әр түрлі кезеңдегі 150 әйгілі хип-хоп бейнебаяндар» тізіміне ілінді. Клипмейкердің американдық рэпер 21 Savage және J Cole сынды музыканттардың «a lot» композициясына таспалаған туындысы дәл осындай жетістікке жетті. Қуанышты жаңалық Rolling Stone журналына енді. Еске салсақ, 4 жыл бұрын таспаланған клип бүгінде YouTube платформасында 613 миллионнан астам қаралым жинаған.   

21 Savage — a lot (Official Video) ft. J. Cole

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aisultan Автор @nukassov

Поделиться: