Қазақстандық кинода триумф! Отандық 3 бірдей фильм «Asia Pacific Screen Awards» премиясында жүлделі болды. Еске сала кетейік, күні кеше Австралияда өткен кинофестиваль Азиялық Оскар саналады.

Топ жарған кинокартиналар арасында Айсұлтан Сейітовтың тырнақалды «Қаш» фильмі бар. Этно-хоррордың таспагері Азамат Дулатов «Үздік операторлық жұмыс» номинациясы бойынша мүсінше жеңіп алды.

Сондай-ақ, «Братья» толықметрі де арнайы номинацияға ие болды. Ағайындының рөліндегі Әлішер Исмаилов пен Айбар Салы «Үздік жаңа орындаушы» статуэткасын алды.

 «Asia Pacific Screen Awards» шарасында олжалы болған тағы бір қазақстандық туынды —  «Бауырына салу» толықметрі. Жетім қалған жасөспірімнің тағдыры көрсетілген драма «Үздік жастар фильмі» мүсіншесіне қол жеткізді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aisultan

Поделиться: