Қазақтың дәстүрлі тағамдары – ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі екені рас. Дегенмен, қазіргі заманғы өмір салтына байланысты дұрыс тамақтану қағидаларына назар аудару маңызды. Қазақша диета – ата-бабаларымыз тұтынған табиғи өнімдерге негізделген, денсаулыққа пайдалы әрі теңгерімді тамақтану тәсілі. Жаз мезгілі жақын қалған сәтте, арнайы лайфхактарға жүгінейік.

Қазақша диетаның негізгі ерекшеліктері

Қазақ халқының дәстүрлі тағамдары ақуызға, пайдалы майларға және табиғи дәрумендерге бай. Бірақ олардың мөлшерін ағзамызға сай барынша дұрыс үйлестіру маңызды.

Негізгі өнімдер:

Ет өнімдері: жылқы еті, сиыр еті, қой еті – ақуыздың негізгі көзі.

Сүт өнімдері: қымыз, шұбат, айран, құрт – иммунитетті нығайтады, асқорытуға көмектеседі.

Дәнді дақылдар: тары, арпа, талқан – энергияның табиғи көзі.

Көкөністер мен жемістер: дәстүрлі түрде аз тұтынылғанымен, қазіргі таңда көбірек қолдану ұсынылады (қызанақ, қияр, сәбіз, асқабақ, алма, өрік).

Шай: қара шай, көк шай, сүт қосылған шай – ағзаны ылғалдандыру үшін маңызды.

Фото. Shutterstock. Автор. Pixel-Shot

Қазақша диета қалай пайда ете аламыз?

Қазақ тағамдары тойымды және қуатты, сондықтан оларды дұрыс теңестіру қажет.

  • Майлы тағамдарды азайту қажет. Қуырылған еттің орнына қайнатылған немесе бұқтырылған етті тұтыну пайдалырақ.
  • Көкөністерді көбейту. Көкөністер дәрумендерге бай, оларды күнделікті ас мәзіріне енгізу керек.
  • Ұн өнімдерін тек мөлшермен жеу. Нан мен бауырсақты шектеп, орнына көбірек ақуызды және көкөністі тағамдар тұтынуға болады.
  • Көбірек су ішу. Айран, қымыз, шөп шайлары мен таза су ішуді әдетке айналдырған жөн.

Қазақша диетаға негізделген күнделікті мәзір үлгісі

Таңғы ас: құрт қосылған айран немесе талқан, көк шай.

Түскі ас: сорпа (ет пен көкөністер қосылған), қара нан, салат.

Кешкі ас: буға піскен ет, көкөніс гарнирі, шөп шайы.

Қазақша диета – бұл дұрыс тамақтану мен дәстүрдің үйлесімі. Табиғи өнімдерді дұрыс мөлшерде тұтыну арқылы денсаулықты нығайтып, өзіңізді сергек сезінуге болады. Егер сіз қазақтың ас мәзірін ұнтасаңыз және олардан бас тарту қиын болса, онда біз ұсынған нұсқаулықтарға жүгінгеніңіз жөн.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Shutterstock. Автор. New Africa

Поделиться: