«Үздік латин-американдық ән» — Anitta, Mil Vezes.

«Үздік k-pop ән» — Lisa, Rockstar.

«Үздік хореография» — Dua Lipa, Houdini.

MTV Video Music Awards! Дәл осы 3 номинациядан жеңіске жеткен композицияларды өңдеген Қазақстандық битмейкер — Садуханов Ерқанат Ерғазыұлы. Қуанышты жаңалықты Eraholic өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеп, оқырманнан сүйінші сұрады. Музыкант әрі биология пәнінің мұғалімі биыл Дуа Липа, Blackpink тобындағы Lisa сынды мега жұлдыздармен бірге жұмыс істеген болатын. Анығырақ айтқанда Ерқанат танымал топ әртістердің әндеріне бит сатқан. Жеңіс құтты болсын Ера!


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @eraholic

Поделиться: